Мемлекеттік қордан 33 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді: ол қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қордан 33 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді: ол қайда жұмсалады? Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 миллиард теңге бөлді.

"Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақүй қарастырылған.

Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады.

Жаңа орталық науқастарды емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны - 71,3 миллиард теңге. Бүгінде нысанның 78 пайызы аяқталған", - деп жазылған хабарламада.

Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети