ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер салық төлеуден жалтарғаны үшін банктік шоттарға тыйым салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер салық төлеуден жалтарғаны үшін банктік шоттарға тыйым салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің мәліметінше, жеке тұлғалардың 2017 жылдың мүлік және жер салықтары бойынша міндеттемелерінің төлеу мерзімі 2018 жылдың 1 қазаныңда өтеді. Көрсетілген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.
"Банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (заңды тұлғаларға да, дара кәсіпкерлерге де, жеке тұлғаларға да) банктік шотты ашудан бас тартуға міндетін қарастыратын Салық кодексінің ережесі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енгізілгеніне назар аударамыз (Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзал жолы)", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Комитет қызметкерлерінің мәліметінше, аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды.
"Яғни, егер ондай тұлғада салықтық берешегі бола тұра, осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банктің оны ашудан бас тартуға құқығы жоқ. Салық кодексінің ережелерімен салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаларға басқа банктік қызметтерді көрсетуден бас тарту қарастырылмаған", - деді ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
Салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесінің болуы туралы хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және "Электронды үкімет" порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуал мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін "Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электронды сервисі іске асырылған.
"Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарына келетін салық төлеушілер санының күрт өсуін ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен: қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын 20.00 сағатқа дейін ұзартылды; сайтта есептелген салықтар бойынша ақпаратты алу үшін мемлекеттік кірістер органдарының телефон нөмірлері өзектендірілді (Басты бет – Біз туралы – Халықпен жұмыс). Сонымен қатар салық төлеушілерге қызмет көрсету үшін қосымша қызметкерлер бөлінді. Комитеттегілер сенбі, 2018 жылдың 29 қыркүйегі, қызмет көрсету орталықтарына жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін жұмыс күні деп белгілеуге ұсыныс жасалды", - деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.