1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мемлекеттік қызметкерлер "дипломмен ауылға" баруы мүмкін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемқызметкерлерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмыс істеуге жіберуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мәжілісте мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы таныстырылды.

"Дипломмен ауылға" жобасын мемлекеттік қызметкерлерге қолдану ұсынылады. Қазіргі уақытта ауылды жерлерде жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі байқалады", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов.

"Дипломмен ауылға" жобасының негізгі мақсаты ауылдық елді-мекендерде жұмыс істеу және сонда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша дипломды мамандарды ынталандыру және бекіту көзделеді.

Жоба аясында 250 000 теңгеден аса 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылады. Әлеуметтік қолдау шараларының ішінде тұрғын үйге 1500 АЕК немесе 4 миллион теңгеге жуық бюджеттік несие қарастырылған.

Коронавирус БҚО-ға жетті