Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметкерлерді қорғау болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметкерлерге көбіне өз мәселелерін жалғыз өзі бастан өткеруге тура келеді. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көп жағдайда заңбұзушылықтарға қылмыстық ниеттен емес, өз кінәсінен болмайтын жағдайлардың әсерінен барып жатады. Көбіне ондай жағдайлар құқықтық қайшылықтардың, заңдардың жетілмеуінің салдарынан болады", - деді Қожамжаров "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысы барысында.
Оның айтуынша, осындай жағдайларға байланысты шаруашылық қатынастарды реттеудің көп тетіктерін жетілдіру қажеттігі туындайды. "Біздің міндетіміз - мұндай жағдайларды зерттеп, оларды заң жүзінде және ұйымдасқан түрде реттеу. Мемлекеттік қызметкерлер кез келген мәселе бойынша құпия жағдайда келіп хабарласа алатын бірыңғай кеңес беру орталығын ашу дұрыс болады деп ойлаймын", - деді Қожамжаров.