Наурыздың 31-і күні мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының жеке кірісі мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру мерзімі аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент қызметкерлері 230.00 формасын тапсыруды соңғы күнге қалдырмай, электронды нұсқада жолдауды ескертіп отыр. Айта кетейік, декларацияны уақытында тапсырмағандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жеке кіріс пен мүлік декларациясы туралы толық мағлұматты департаменттің www.astananalog.kz сайтынан алуға болады.