09 қазан 2014 | 16:52

Мемлекеттік қызметкерлердің орталық аппараты 10 пайызға қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орталық аппараты 10 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің орталық аппараты 10 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.

"Президенттің тапсырмасы бойынша біз 10 пайыздық қысқарту жүргіздік, бірақ үнемдеуден қалыптасқан еңбекақы қорын біз еңбекақыға лайық сол адамдарды ынталандыруға үстемеақы ретінде бағыттаймыз. Бұл процесті жүргізіп болдық, барлық мемлекеттік орган бойынша 10 пайыздық қор құрылған", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Досаевтың айтуынша, егер ведомстволарды біріктірудің нәтижесінде бір орынға екі адам таласатындай жағдай туындаса, олардың біріне басқа қызмет ұсынылады. Егер ол бас тартса, мемлекеттік қызметкерге төрт айлық жалақы төленеді.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров өзінің ведомствосында бұрынғы қаржы полицейлерінің тек 20 пайызы ғана қалатынын айтқан болатын. Ол жаңа үміткерлердің тестілеуден, соның ішінде, полиграф тексерісінен өтуі керек екенін айтты.

6 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордада өткен кеңейтілген отырыста Үкіметтің қайта құрылатынын мәлімдегенін еске салайық. Бірқатар министрліктер мен агенттіктер біріктірілді. Үкіметтің жаңа құрылымы 12 министрлік, 30 комитеттен тұрады, бұрын 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет пен 272 департамент болған еді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети