Бүгін, маусымның 23-і күні Қазақстанда алғаш рет Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2013 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні ретінде бекітілді. Бүгінде мемлекеттік қызметте 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың 49 мыңы - әйелдер. Саяси қызметкерлердің орташа жасы 48-де, әкімшілік қызметкерлер - 39-да, ал "А" корпусына кірген мемлекеттік қызметкерлер - 45 жастың шамасында", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласы мамандарды даярлаудың жаңа нұсқасына көшкен болатын. Атап айтқанда, "А" корпусы құрылып, оған басқарушы мемлекеттік қызметкерлер іріктелді.