Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 382 шағым түскен. Олардың көбісі еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінен, сондай-ақ, Алматы қаласынан келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылы мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті бұзуына қатысты 382 шағым түсті. Олардың 76-сы - дөрекілік әрекеттері, 38-і - қызметтік көлікті жеке мақсаттарда пайдалану, 32-сі - көлік құралдарын мас күйде жүргізу, ал қалғандары қызметтегі міндеттерін өздеріне лайықсыз түрде орындау. Шағымдардың басым бөлігінің Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ, Алматыдан екеніне назар аудару керек", - деді агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.
Оның айтуынша, былтыр агенттікке 265 шағым түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп екен.
Сондай-ақ, Алик Шпекбаев жемқорлық деңгейі ең жоғары әкімдіктіктердің Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екенін айтты.