16 қазан 2017 | 15:28

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстратциялық сурет © pixabay.com Иллюстратциялық сурет © pixabay.com

Қылмыстық және азаматтық процестердің цифрлық форматқа көшірілуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға қайтадан рұқсат беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық және азаматтық процестердің цифрлық форматқа көшірілуіне байланысты мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға қайтадан рұқсат беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, әрине, цифрлық формат ықшамдықты қажет етеді. Сондықтан ол мәселе де қарастырылатын шығар", - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысынан тыс жерде. 

Мұның алдында Ахметжанов цифрлық форматқа өту тергеушілерге қолайлы болу үшін емес, қоғамға қажет екенін айтқан. Дегенмен ҚР ІІМ өкілдері электронды тергеу жүйесіне өту үшін әлі техникалық жабдықталу деңгейі әзірше төмен екенін мәлімдеген. 

Еске салайық, 2016 жылдың наурызында басрлық мемлекеттік органда қызметкерлер мен келушілерге мобильді құрылғыларды (смартфон, планшет, смарт-сағаттарды) пайдалануға тыйым салынған еді. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында мобильді құрылғыларды белсенді пайдалану мен ақпараттың WhatsApp арқылы сыртқа шығып кетуіне байланысты қабылданған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети