Мемлекеттік қызметшілер бұрынғы лауазымда теріс қылық жасағаны үшін жазаланатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызметшілер бұрынғы лауазымда теріс қылық жасағаны үшін жазаланатын болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат нормативтік құқықтық актілердің ресми сайтында жарияланды. Өзгерістер саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Енді олар бұрын атқарған лауазымдарында жасаған тәртіп бұзушылықтары үшін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін, тіпті қазіргі уақытта басқа қызметте болса да.

Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.

Қызметтік тергеу: мерзім және рәсімдер

Жаңа өзгерістер тәртіпбұзушылық деректері бойынша қызметтік тергеу тағайындау тәртібін реттейді. Енді бұрын қызмет атқарған мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде қазіргі жұмыс орнын тексерудің басталғаны жөнінде хабардар етуі тиіс.

Материалдарды қарау бұрынғы жұмыс орны бойынша комиссияда өтеді, ал тәртіптік жаза қолдану туралы шешім бес жұмыс күні ішінде жаңа жұмыс орнына жіберіледі.

Жаңа редакцияға сәйкес, егер саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі тоқтаған сәтте тәртіптік жаза алынбаған болса, ол қызметтен босатылған күннен бастап автоматты түрде алынған деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети