10 сәуір 2015 | 16:09

Мемлекеттік қызметте адам әдемі көздері үшін немесе ұлтына байланысты отырмауы керек - ҚР Президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке егер олар кәсіби маман болса "өз адамдарыңды" шақыра берудің еш сөлекеттігі жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке егер олар кәсіби маман болса "өз адамдарыңды" шақыра берудің еш сөлекеттігі жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз шенеунік деп атайтын мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы адамдарға көрінбейді. Бірақ олар маңызды істермен айналысады және онда кәсіби мамандар отыруы керек. Меритократия дегеніміз - мемлекеттік қызметтің сатысында адам басқа бірдеңесі үшін емес, лайықты ісімен көтерілу керек деген сөз. Несін жасырамыз, біз өткен күндерден көптеген жаман әдеттерді алдық - мемлекеттік қызметте "өз адамдарыңды" міндетті түрде тартуың керек: достарыңды, туыстарыңды. Егер олар лайықты болса, ендеше мұның еш жамандығы жоқ. Мысалы, Джордж Буштың үкіметі "джентльмендер үкіметі" деп аталды, себебі олар өзінің барлық досын министрлікте жұмыс істеуге шақырды. Осындай жағдайлар болып тұрады", - деді Назарбаев Тәуелсіздік сарайындағы жастар форумында.  

Ол сенім артатын адамдармен жұмыс істеуді қалаудың қалыпты жағдай екенін атап өтті.

"Брежневтің кезінде де, ол жұмыс істеген Днепропетровск, Кишинев - ол жақтан барлық достары болды. Мұндай жағдайсыз болмайды. Біз адамыз ғой, жанымызда сенімді адамның болғанын қалаймыз. Бірақ бұл адамдар кәсіби маман болуы керек, қызмет етуі керек, бұл кадрларды таңдау кезінде мемлекеттік қызметтің заңдары былай болуы керек - конкурс бойынша лайықты адамдар алынуы қажет. Олар бөлек жұмыс істеуі керек. (...) Мемлекеттік қызметте адамдар әдемі көздері үшін немесе ұлтына байланысты отырмауы керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети