Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқарады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқаратыны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқаратыны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, штат бос орындарды алып тастау мен зейнеттегілерді шығару есебінен қысқарады.

"Биыл біз он пайызын қысқартуымыз керек. Келесі жылы - 15 пайыз. Бұл ретте бос тұрған жұмыс үлесі - 8,5 пайыз. Осыған байланысты биыл қысқарту бос лауазымдар есебінен қамтамасыз етіледі деп отырмыз", - деді Жайылғанова.

Сонымен қатар, ол бос лауазымдар біркелкі бөлінбейтінін түсіндірді, сондықтан "әрбір мемлекеттік орган бойынша жеке есептеулер жүргізу қажет" екенін айтты.

"Әрбір мемлекеттік орган мәселені шешеді. Бұдан басқа, біз ресурсты да пайдаланамыз - бізде жұмыскерлердің зейнетке шығуы есебінен жыл сайын мыңнан астам орын босайды. Тағы алты мыңға жуық адам бар - бұл жыл сайынғы ауысымдылық: жеке секторға немесе басқа ұйымдарға баратындар. Бұл құралдар да қолданылады. Бірақ біз нақты бір адамдарды қысқартпаймыз және оларды жұмыссыз қалдырмаймыз. Әрине, барлығы ойластырылады және менің ойымша, мемлекеттік органдағы кез келген басшы қысқарып қалатын адамдарға қамқорлық жасайды", - деп түйіндеді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro