Мемлекеттік нөмірге есім жазу: парламент пен ІІМ не дейді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік нөмірге есім жазу: парламент пен ІІМ не дейді? ЖИ көмегімен жасалған кескін

Өзбекстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелері қалаған әріптер мен сандарды таңдап, мемлекеттік нөмір сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, нөмірге есімін немесе қала атауын жазуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UzA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелері қалаған әріптер мен сандарды таңдап, мемлекеттік нөмір сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, нөмірге есімін немесе қала атауын жазуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UzA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты көп қазақстандық жүргізушілерде орынды сұрақ туындады: мұндай тәжірибе бізде енгізіле ме? Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігіне және Заңнама мен сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашеваға сауал жолдадық.

Парламентте не дейді?

Снежанна Имашева бұл мәселе бойынша Мәжілісте жұмыс тобының құрылуы жоспарланбағанын айтты. Сондай-ақ депутаттардан да, азаматтардан да ешқандай бастама түспеген.

Оның айтуынша, депутаттар арасында бірыңғай ұстаным жоқ.

"Біреулері есім жазылған нөмірлер алу мүмкіндігін тек бюджетке қосымша қаржы түсіру тәсілі ретінде қолдайды, бірақ олардың құны өте қымбат болуы керек деп есептейді. Ал басқалары түбегейлі қарсы, мұндай жаңашылдықты орынсыз санайды: ол тек әлеуметтік теңсіздікті айқындап, жастар арасында шамадан тыс мақтаншақтық мәдениетін қалыптастырады", – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы.

ІІМ жауабы

Ішкі істер министрлігі де автокөліктерге арналған есім жазылған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін енгізу қазіргі уақытта қарастырылмайтынын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети