Сурет kolesa.kz сайтынан
Мемлекеттік органдар үшін автокөліктің "әдемі" нөмірлерінің бағасын арзандату қарастырылуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Парламент Сенатының депутаттары «Жол қозғалысы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңына мемлекеттік органдарды автокөліктерге VIP-нөмірлер сатып алу үшін жоғары мөлшерлемелерді төлеуден босататын түзетулер енгізді. "Мемлекеттік органдарға арнап, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алу үшін төленетін бекітілген жоғары мөлшерлемелер көлеміне жеңілдіктер жасауды қарастыратын өзгертулер енгізу ұсынылып отыр. Бұл ретте мемлекеттік бажды Салық кодексінің қолданыстағы мәтінінде көрсетілгендей, 280 пайыз немесе 5 186 теңге көлемінде орнату қарастырылған", – делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан материалдарда. Материалдағы деректерге жүгінсек, өзгелер үшін 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлік белгілерінің мемелекеттік баж көлемі 13 700 пайызды немесе 253 724 теңгені құрайды. Автокөліктерді мемлекеттік тіркеудегі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 нөмірлік белгілерінің мемелекеттік баж көлемі 22 800 пайызды немесе 422 256 теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылымға биыл түседі деп хабарланған. Бұл заңнамаға түзетулер енгізу шеңберінде қарастырылған. Алайда Парламент Сенаты бүгін ғана «Жол қозғалысы туралы» заң жобасына және оған қосымша «Жол қозғалысы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңына өз өзгертулерін енгізіп, оларды Мәжілістің келісімін алуға жөнелтті. Егер Парламенттің төмегі палатасының депутаттары осы түзетулерді қабыл алса, онда құжат Президентке қол қоюға жіберіледі.
Мемлекеттік органдар үшін автокөліктің "әдемі" нөмірлерінің бағасын арзандату қарастырылуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Парламент Сенатының депутаттары «Жол қозғалысы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңына мемлекеттік органдарды автокөліктерге VIP-нөмірлер сатып алу үшін жоғары мөлшерлемелерді төлеуден босататын түзетулер енгізді.
"Мемлекеттік органдарға арнап, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алу үшін төленетін бекітілген жоғары мөлшерлемелер көлеміне жеңілдіктер жасауды қарастыратын өзгертулер енгізу ұсынылып отыр. Бұл ретте мемлекеттік бажды Салық кодексінің қолданыстағы мәтінінде көрсетілгендей, 280 пайыз немесе 5 186 теңге көлемінде орнату қарастырылған", – делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан материалдарда.
Материалдағы деректерге жүгінсек, өзгелер үшін 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлік белгілерінің мемелекеттік баж көлемі 13 700 пайызды немесе 253 724 теңгені құрайды.
Автокөліктерді мемлекеттік тіркеудегі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 нөмірлік белгілерінің мемелекеттік баж көлемі 22 800 пайызды немесе 422 256 теңгені құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылымға биыл түседі деп хабарланған. Бұл заңнамаға түзетулер енгізу шеңберінде қарастырылған. Алайда Парламент Сенаты бүгін ғана «Жол қозғалысы туралы» заң жобасына және оған қосымша «Жол қозғалысы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңына өз өзгертулерін енгізіп, оларды Мәжілістің келісімін алуға жөнелтті. Егер Парламенттің төмегі палатасының депутаттары осы түзетулерді қабыл алса, онда құжат Президентке қол қоюға жіберіледі.