07 қараша 2024 | 15:21

Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаладағы "Достық" үйінде өңірдегі мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сәйкес қолданылуы мен орналасуы және оларлың насихатталуы бойынша республикалық инспекциялық топтың семинар-кеңесі өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Қаладағы "Достық" үйінде өңірдегі мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сәйкес қолданылуы мен орналасуы және оларлың насихатталуы бойынша республикалық инспекциялық топтың семинар-кеңесі өтті.

Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Республикалық инспекция топ құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Сауда және интеграция министрліктерінің жауапты мамандары бар. Бүгінде республикалық инспекциялық топ өңірлерге шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

6 қарашада өткен семинар-кеңесте Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова мемлекеттік рәміздерді заң талаптарына сәйкес қолдану тәртібін жан-жақты түсіндіріп берді. Геральдика ғылымының тарихы мен ерекшелігі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бойынша толығырақ мағлұмат берді.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, білім, мәдениет және спорт саласының мамандары қатысты. Жиынға қатысушылар өздерінің көкейдегі толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Шымкент қаласы ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети