1992 жылдың 4 маусымы тарихи күн. Бұл күні Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми бекітілген. Ол, ол ма, 2007 жылы дәл осы 4 маусымда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңына қол қойып, мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақтылап берді. Біз сол мемлекеттілігіміздің белгісіне айналған құндылықтарды ұлықтай алып жүрміз бе? Қазақ тарихында өзіндік орны бар 4 маусым күнінің қарсаңында «Алаш айнасы» басылымы осы сұраққа жауап іздеген еді.

Мемлекеттік рәміздеріміз жайлы не білесіз?
Мемлекеттік рәміз – кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. ҚР-да Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
ҚР мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. ҚР Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.