03 сәуір 2014 10:39

Мемлекеттік сараптамадан соң Көкпектіде жаңа үйлер салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті елді мекенінде зақымданған баспаналарды бағалау жүріп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың нәтижесінен соң үйлерді қалпына келтіру мен жаңа үйлер салу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті елді мекенінде зақымданған баспаналарды бағалау жүріп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың нәтижесінен соң үйлерді қалпына келтіру мен жаңа үйлер салу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Көкпектіде төтенше жағдайды залалсыздандыру жөніндегі штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Жеті мобильдік топ апат аймағына тап келген үйлерді тексеріп шықты. Тексерудің алдын ала нәтижесі бойынша 14 үйдің түгел зақымданғаны белгілі болды, тағы 24 баспана қалпына келтіруге жарамсыз деп танылды. 122 үй жөндеуді қажет етеді. Барлығы 401 үй тексерілген. Айта кетейік, Қарағанды облысының әкімдігі апат салдарынан келген шығынды шамамен 1 млрд теңге деп бағалап отыр. 

Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің мәліметінше, арам өлген мал шығынының өзі 26 млн теңге болады. Арнайы штаб 86 үйдің малы қырылғанын анықтады. Оның ішінде, 85 ірі қара, 304 ұсақ жандық, 3 бас жылқы, 109 шошқа, 1025 үй құсы (оның 720-сы - бөдене) және 100-ге жуық ит-мысық өлген. Жануарлардың өлігі мал қорымы аумағына апарылды.

"366 тонна қоқыс шығарылды. Бөгет 350 тонна болатын материалдармен нығайтылды. Жол төсемінің 150 метрі зақымданған, оның 130 метрі қалпына келтірілді. 22 тірек бағанына зақым келген. Жаңадан 26 баған орнатылды. Зақымданған 3,5 шақырым байланыс тарату желісі қалпына келтірілуі керек. 60 үй жарықсыз қалған еді, 35 үйде электр жүйесі қалпына келтірілді. Байланыс пен электр желілерін қалпына келтіру жалғасып жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.

Жұмысшылар 138 тұрғын үйдің ауласы мен жертөлелерінен 793 мың текше метр су шығарған. Еске сала кетейік, Көкпекті суқоймасының бөгеті 31 наурызға қараған түні шайылып кеткен болатын. Арынды су 300-ге жуық үйді басып қалды. Бес адам қайтыс болды, алты адам ауруханаға түсті. Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елімізде 2010 жылғы Қызылағаш трагедиясынан кейін көп кісі өліміне соқтырған мұндай жойқын тасқын болмаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети