26 желтоқсан 2019 | 13:17

Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтан келген залал есептелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Қаржы министрлігі жүйесінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Қаржы министрлігі жүйесінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы бюджеттік қаражаттың дұрыс бөлінуіне, таралуына және түсіміне бақылау жасауға ерекше көңіл бөледі. Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өкілеттіктер берілген. Бұл сыбайлас жемқорлық жайлаған сала болып табылады. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 383 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болды, оның 202-і сотқа жіберілді және 92 адам сотталды. Осы қылмыстардан келген шығын - 2,5 миллиард теңге, қазіргі уақытта 2 миллиардтан аса теңге мемлекетке қайтарылды", - деді Данияр Биғайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік мәліметінше, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі - тендерлерді бөлуге, шарттарды заңсыз жасауға, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қоюға байланысты.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдан бастап биылғы кезең аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде қаржы Министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 318 сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. (...) Әртүрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 108 лауазымды тұлға сотталды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің және олар бойынша тартылған қызметкерлердің 50 пайыздан аса салық қызметіне келеді (өндірісте - 127 іс, сотқа - 108 іс жіберілді, сотталған - 58 адам). Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі кеден органдарына тиесілі (өндірісте-169 іс, сотқа - 100 іс жіберілді, сотталған - 36 адам). Бұл жерде сыбайлас жемқорлық бақылау-өткізу бекеттерінде жүйелі түрде іріктеу және кедергісіз жүріп өту үшін пара алу түрінде болады", - деп түсіндірді Биғайдаров.

Ол талдау нәтижелері бойынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрлері парақорлық, алаяқтық, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети