Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
"Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 миллиард теңге болады.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді.
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы ("Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!