19 қазан 2023 11:47

Мемлекеттік сатып алулар: Павлодар облысында 11 шарт жарамсыз деп танылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pressfoto/Freepik pressfoto/Freepik

Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ​Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 миллиард теңге болады.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы ("Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети