19 тамыз 2014 | 10:20

Мемлекеттік туды кенеп орнына пайдаланған жүргізушіге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мемлекеттік туды қоқыстың бетін жабуға арналған кенеп орнына пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мемлекеттік туды қоқыстың бетін жабуға арналған кенеп орнына пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс 18 тамызда қаралған. "Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, заң бұзушы Есенбеков әкімшілік құқықбұзушылықты жасауға айыпты деп танылып, одан 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл өндірілетін болды", - делінген соттың хабарламасында. Сөйтіп, соттың шешімімен ер адам 370 400 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жүк көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 354-1-бабы - "ҚР Мемлекеттік туды қолдану тәртібін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінде қоқысты Қазақстанның Мемлекеттік туымен жауып алып жүрген "КамАЗ" жүк көлігінің фотосуреті пайда болған еді. Полицейлер жүк көлігі жүргізушісінің Алматы облысы Қарасай ауданының 1988 жылы туылған Есенбеков деген тұрғыны екенін анықтады. Өлшемі жарты метр болатын Мемлекеттік ту күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан табылып, тәркіленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети