18 мамыр 2018 | 08:53

Мемнөмірді заңсыз сатқан қарағандылық инспектор 2,7 миллион теңге айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда полицей пара алу ісі бойынша айыпты деп танылып, көлік иесінен алған парасының 60 есе сомасын өтеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Колеса.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда полицей пара алу ісі бойынша айыпты деп танылып, көлік иесінен алған парасының 60 есе сомасын өтеуге міндеттелді, - деп хабарлайды Колеса.kz.

Тергеу кезінде Қарағанды облыстық ІІД-нің тіркеу-емтихан бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы Хасеновтың жемқорлық қылмыс жасағаны анықталған.

Қала тұрғыны 1993 жылғы ВАЗ-21096 көлігін сатып алып, көлікті арнайы ХҚКО-да қайта тіркеуге келіскен. Осыдан кейін ол облыстық ІІД-нің ӘПБ-де істеген танысына хабарласып, көлікті лезде қайта тіркеп бере алатын мемлекеттік автоинспектормен таныстыруды өтінген. Танысы оны капитан Хасеновпен байланыстырған, тәртіп сақшысы көлік нөмірін тіркеуде заңсыз түзету енгізіп бергені үшін 45 мың теңге сұраған. Осы кезде жүргізуші ақшаның тым көптігіне наразы болып, антикоррупционерлерге хабарлаған.

Капитан қылмыс үстінде ұсталды. Іс сотқа жетіп, ол шенінен айырылды. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, алған пара сомасының 60 есесін мемлекеттік пайдасына төлеуге міндеттеді. 

Еске салайық, енді қазақстандық көлік иелері (VIP-тен басқа) кез келген мемлекеттік нөмірді 6 734 теңгеге сатып ала алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети