Меморгандар балансындағы люкс және қымбат көліктер. Министр сынға жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меморгандар балансындағы люкс және қымбат көліктер. Министр сынға жауап берді Фото:elements.envato.com

Қазақстанда тәркіленген қымбат заттарды мемлекет меншігіне беру ережесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тәркіленген қымбат заттарды мемлекет меншігіне беру ережесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер вице-премьерге Қаржы министрлігінің тәркіленген сәнді мүлікті мемлекеттік органдар балансына беруге қазақстандықтардың наразылығын айтты. Бас прокуратураға тәркіленген Lexus LX 570 маркалы люкс автокөлігінің берілгені мысал ретінде айтылды.

"Иә, бұл деректен хабардармын. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бұл шекті қайта қарау туралы тиісті тапсырма бердім", - деп жауап берді министр.

"Мемлекеттік органдарға қымбат көліктер мен қымбат сағаттарды бермеу үшін Қаржы министрлігі тәркіленген мүлікті салық төлеушілер пайдасына пайдалану саясатын өзгерте ме" деген сұраққа Жамаубаев: "Талқылаймыз, көреміз, мүмкін өзгерістер болады" деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети