Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануардың терісінен жасалған кілемде жатқан ер адамның суретін жариялаған аккаунт иесімен байланысқа шықпақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Айта кетейік, бұл сурет Интернет қолданушыларын таңғалдырып үлгерді. Қолданушылардың кейбіреуі жануардың жазда өлтірілгенін жазып жатыр.
"Біз суретті көрдік. Қолданушыға жаздық. Жауап күтіп отырмыз. Сурет ескі болуы мүмкін", - деді комитеттегілер.