Мемқызметкерлер қайта смартфон қолдана алуы мүмкін - Абаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемқызметкерлер қайта смартфон қолдана алуы мүмкін - Абаев © smolnarod.ru

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кезінде смартфон пайдалануға тыйымды алып тастау нұсқаларын қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кезінде смартфон пайдалануға тыйымды алып тастау нұсқаларын қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Смартфондар қайтарылуы мүмкін. Қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе тыйым салынған күннен бері оқтын-оқтын көтеріліп келеді. Қазір ең жетік жолын көріп отырған жоқпыз, сондықтан түрлі нұсқаларын қарастырып отырмыз. Бізге қауіпсіздік пен жаңа технологияларды пайдалану арасында үйлесім керегін түсінеміз", - дейді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үкімет отырысының үзілісінде. 

Министр өз басы ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы тыйымды алып тастауды қолдайтынын айтады.

30 сәуірде Арнайы мониторингтік топ басшысы, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева мемлекеттік мекемелерде смартфон пайдалануға салынған тыйымды алып тастау керектігі жайлы мәлімдеген

Мұның алдында Қазақстанда соттарға смартфон алып кіру рұқсат етілгені хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети