Мемқызметкерлерге жұмыс барысында смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

Мемқызметкерлерге жұмыс барысында смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазаннан бастап мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазаннан бастап мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мендегі ақпарат бойынша, бұл шешім бүгінде үкімет қарауында, жақында ол туралы хабарланады. Барлық уәкілетті мемлекеттік органдар келіскен, содан кейін ол үкімет отырысына шығарылады. Ал келесі отырыста бұл мәселе көтеріледі. Қаулы жобасы үкіметке жіберілді және отырыстардың бірінде қаралады. Қарашада іске асады деп ойлаймыз", - дейді вице-министр Сенат отырысынан кейін.

Вице-министр мемлекеттік қызметкерлерге қандай да бір функциялар мен камераны қолдануға шектеу қойылмайтынын айтты.

"Кез келген мемлекеттік қызметкер жұмыс барысында алатын ақпаратына жауап беруге тиіс. Қандай да бір мәліметтер таратқаны үшін қызметкер заң бойынша жауап береді", - деді Абылайхан Оспанов. 

Еске салайық, мемлекеттік қызметкерлерге смартфон, планшет, "ақылды" сағаттарды үкімет ғимараттарында пайдалануға тыйым 2016 жылдың наурызында енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети