Мен барлығын бес саусағымдай білемін, олардың қалай байығанын - Назарбаев қалталы қазақстандықтар жөнінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен барлығын бес саусағымдай білемін, олардың қалай байығанын - Назарбаев қалталы қазақстандықтар жөнінде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналарда берген сұхбатында дәулетті қазақстандықтарға үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол барлығын мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырды және олардың дәулетке қалай қол жеткізгендерін білетінін мәлімдеді. 

"Мемлекет баюға мүмкіндік берген адамдарды мен бес саусағымдай білемін және олардың қалай байығандарын білемін. Қазақстандағы қалталылардың әрқайсысын. Біріншіден, олардың өздері осыған қабілетті болды, қуатты болды, мемлекет олар үшін жағдай жасады, сондықтан дандайсудың қажеті жоқ. Кедейліктен бірінші болып арылғандар қарапайым үйдің орнына төрт қабатты үй тұрғызды, қазір оны не істейтінін білмейді, оны ұстап тұру үшін қаншама ақша керек, қаншама үй тазалайтын және күзететін адам қажет", - деді Назарбаев. Ол Қазақстандағы жекешелдірудің мүлікті заңдастыруға арналғанын еске салды.

"Ақшаңды Қазақстанға әкел, жекешелендіруге қатыс, ірі кәсіпорынның, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің өнеркәсіптік кәсіпорын электрстанцияларының иесі атан және адамдар өмір сүріп жатқан әлемде өмір сүр", - деп үндеді Назарбаев қалталы қазақстандықтарға. Алайда Мемлекет басшысының айтуынша, олар жекешелендіруден әлі де қорқады: "Мен алып келіп, кенет менімен бірдеңе болса қайтем". "Кенет деген болмайды", - деп сендірді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети