18 қыркүйек 2022 | 19:00

Мен, бұзық, қаңғыбас, әке болудың бақытын сездім - Рашид Нұғманов

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Ине" культ фильмінің режиссері Рашид Нұғманов. Ол кинематографияны қолдауға қаражат бөлудегі қиындықтарды, отандық кинематография Кореяның жетістігін қайталай ала ма және ол үшін не қажет, алғаш әке атанғанда бойында қандай сезімдер болғаны, ер адам бойында қандай қасиет болуы керек, сонымен қатар, Жаңа Қазақстанда неден арылу керегі туралы ашық айтты.


Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Ине" культ фильмінің режиссері Рашид Нұғманов. Ол кинематографияны қолдауға қаражат бөлудегі қиындықтарды, отандық кинематография Кореяның жетістігін қайталай ала ма және ол үшін не қажет, алғаш әке атанғанда бойында қандай сезімдер болғаны, ер адам бойында қандай қасиет болуы керек, сонымен қатар, Жаңа Қазақстанда неден арылу керегі туралы ашық айтты.

Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар. Жоба серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.

Режиссер отандық кинематографияның қазір қалай дамып жатқанын және қандай мәселелерге тап болғанын айтты.

"Бір жағынан, біз жақсы деңгейдегі фестиваль киноларын көреміз. Мысалы, Әділхан Ержанов немесе Асқар Ұзабаевтың кино-фильмдері. Екінші жағынан, КВН-ойыншылар деп айыптайтын кинорежиссерлердің коммерциялық фильмдері көп көрермен жинайды. Олар мұндай фильм көргісі келеді, күлгісі келеді, өздерінің мәдени кодтарын, кейде абсурд нәрсені көргісі келеді. Бұл - мүлдем басқа кино, олар беделді фестивальдарда ешқашан жүлде алмайды және Қазақстаннан тыс ешқайда шықпайды.

Сондай-ақ, байқаудан өте алмаған фильмдерді жиі мемлекет қаржыландырып жататынын көріп жүрміз. Әдеттегідей, бізде біреу үшін біреу келісіп қояды ғой. Бұл жерде мемлекеттің ақшасын алып, оны игеріп, кейін тіпті шаң басып қалса да бәрібір. Егер Кеңес Одағында идеологиялық міндеттерді жоғарыдан айтып, көбірек соны жүзеге асырса да, кино түсіруге дарыны барларға көмектесуге тырысатын көркемдік кеңестер болған, тәуелсіздік алғаннан кейін қандасшылдық күшейе бастады. Біздегі осы "аға, көке" таланты жетпегендерге біреумен барып келісе салуға негіз болды. Осылайша, байқаудан өтпеген фильмдер шығып, ал лайық дейтін кинолар шықпай қалып жатқанын байқаймыз. Тағы бір өте маңызды жайт - мемлекет ақшасын алатын компаниялардың толық жауапсыздығы. Олардың бар міндеті - есепті үтір мен тырнақшасымен дұрыс әрі уақытында беру. Фильм бітіп-бітпегеніне бәрібір: тапсырдың, бітті, рақмет, қош бол, бюджет қаражатын игердің. Біз бұл жүйені бұзғымыз келеді, өйткені әрбір бөлінген доллар немесе теңге фильмнің өндірісіне кетуі керек", - деді ол.

Рашид бұл үшін қолайлы жағдай жасалған жағдайда Қазақстан Корея киносының жетістігін қайталай алатынына сенімді.

"Мен біздің кинорежиссерлеріміздің, соның ішінде, жас әрі талантты жігіттердің дұрыс қалыптасқан киноиндустрияда жұмыс істегенін қалаймын. Мысалы, Кореяда кино корей тілінде, корей актерлерімен түсіріледі және ол бүкіл әлемде танымал. Бұл - басқалар қабылдайтын мәдени код. Сол "Кальмар ойыны" сериалына қараңыз: таңғаларлық және парадоксальды түрде, бірде бір ағылшын тіліндегі сөзі болмаса да, Америка тарихындағы ең танымал сериалға айналды. Біз сонда ақымақпыз ба? Әлде қолымыздан келмей ме? Әрине, қолымыздан келеді. Шығармашылық батылдық, батырлық, еркіндікті қолдайтын басқа ортаны құру керек. Қазақстан кинотеатрларынан шығуға тырысу керек және бұл мүмкін, қолдан келмейтін ештеңе жоқ", - деді ол.

Жоба қонағы алғаш рет әке атанғалы өзінің бойынан қандай сезімдерді бастан өткергені туралы да айтып берді.

"Менің ұлым дүниеге келгенде, мен әке болу дегеннің не екенін және ол өмірді қалай өзгертетінін түсіндім. Мен кеш әке атандым, кенет оның қандай керемет өмір екенін және сізге және сіздің жақындарыңызға ғана ашық, ал басқаларға беймәлім екенін түсіндім. Ол махаббат, нәзіктік, жауапкершілікке толы. Мен, бұзық, қаңғыбас және жел мінезді адам едім, әке болу туралы тіпті ойламадым, қарым-қатынасты қолғап сияқты ауыстыратынмын, кенет мүлде өзгеріп кеттім. Бұл сізді жақсы адам ететін өте күшті тәжірибе мен сезім. Кем дегенде, жауапкершілік пен сүйе білу тұрғысынан алсақ.

Балаларыма еркіндікті тым көп беретін шығармын, бірақ оларды өмір де үйретеді. Баласы үшін бәрін ойлап, ненің дұрыс, не істеу керегін айтып, есейсе де қамқор бола беретін ата-аналар бар. Мен үшін балаларымды қолдап, олардың өмірде, қиын жағдайға тап болғаннан қалай өсетінін көру қызықтырақ. Маған өз нәтижем ұнайды", - деді ол.

Режиссердің айтуынша, нағыз ер азаматты айқындайтын басты қасиет – өз ұстанымын бұзбау.

"Адамның маңызды қасиеті - өз ұстанымында қалу. Жүрексіздік танытпау. Иә, қай-қайсымыз да бір нәрседен қорқамыз, қорқыныш - бұл өмірімізді сақтап қалу үшін табиғаттан берілген табиғи сезім. Тек ақымақ ештеңеден қорықпайды. Тек бір сұрақ туындайды: Онымен не істейсің? Ол бәрін шешеді. Өтірік айтпау, жағымпаздық, жамандық жасамау - нағыз ер адамның қасиеті. Ондай адамға сенуге болады, кез келген жағдайда, тіпті өзіне қолайсыз болса да, да сізді тастап кетпейтін адам", - деді ол.

Рашид Жаңа Қазақстанда неден құтылу керегін де айтып берді.

"Мен үшін жаңа Қазақстан - бұл бірінші кезекте ескі Қазақстан емес. Ал ескі Қазақстан деген не? Бұл авторитаризм, олигархия, ұрлық, сыбайлас жемқорлық, бостандық пен еркіндіктің жоқтығы және бітпейтін өтірік. Жаңа Қазақстан осының бәрінен арылуға тиіс. Мен Қазақстан - еркін адамдар елі екеніне кәміл сенемін. Менің ойымша, біз бостандық идеясына көбірек назар аударуымыз керек, бұл жауапкершілікті де тудырады. Біз еркін әлемнің жағына шығуымыз керек. Біз Қазақстандағы басшылықтың авторитар әдістері зиян екенін көрдік, олар ұлттың азғындауына және адамгершіліктің құлдырауына алып келеді. Адамға ұрлықтың қалыпты екенін, бастысы, ұсталмауын, басқа тұлғалардың құқықтары мен ақыл-парасатын құрметтемеуді үйретеді. Бұл әділеттіліктің бұрмалануына, ұлттық игіліктің бөлінуіне, халықтың түрлі топтарына деген көзқарасқа әкеледі. Біреуге рұқсат нәрсе, басқаларына жол берілмейді. Менің ойымша, мұның бәрі жойылуы керек", - деді Рашид Нұғманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети