05 қазан 2018 | 19:56

"Мен екінші Үсенов емеспін": Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізуші

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Әл-Фараби даңғылымен жолдың қарсы бағытымен жүрген алматылық Назар Роллан жол жүру ережесін бұзғаны үшін кешірім сұрап, үшінші видео жариялайтынын және осыншалық танымал болғанын "позитивті бағытта" жұмсамақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әл-Фараби даңғылымен жолдың қарсы бағытымен жүрген алматылық Назар Роллан жол жүру ережесін бұзғаны үшін кешірім сұрап, үшінші видео жариялайтынын және осыншалық танымал болғанын "позитивті бағытта" жұмсамақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назар Ролланның айтуынша, оның жақындары бұл әрекеттеріне қарсылық танытқан, алайда оның ойынша еш жамандық болмаған. 

"Мен екінші Үсенов емеспін. Ешкімді қағып, ешкімге зиянымды тигізген жоқпын. Туыстарым менің әрекетіме наразылық білдірді. Зардап шегуі мүмкін болған адамдар үшін тағы бір рет видеода кешірім сұрамақшымын. Бұл менің шынайы кешірім сұрауым болады", - деді жігіт. 

Сондай-ақ, Назар жүргізуші куәлігінен айырылғанын айтады. Қазіргі уақытта ол жаяу жүр. 

"Сот болған жоқ. Полицейлер маған бес хаттама толтырып, жарты жылға жүргізу құқығынан айырды. Қазір көліксіз жүрмін. Жаяу қалдым. Көліктердің жанында түскен суреттер де менікі емес. Менде Toyota Camry болған. Мен оны сатып жібердім. Қазір менде Lexus", - деді Назар.  

Сонымен қатар, ол кәсіппен айналыспақшы екен. Өзінің танымалдылығын өз ісін жүргізу мақсатында пайдаланбақшы. 

"Университеттен кету себебім, оқуым кәсібіме кедергі келтірді. Қазіргі уақытта кәсібімді кеңейтпекшімін. Танымалдылығымды өз ісімді жүргізу мақсатында пайдаланбақшымын. Қазір Instagram желісіндегі парақшамда маған жазылғандар саны артты. Бұл танымалдылығымда "позитивті" бағытта жұмсағым келеді", - деді Назар Роллан.  

Еске салайық, Назар Роллан 2018 жылы қаңтарда "Алматы менеджмент университетінде" оқудан шығарылған. Бұл туралы оқу орнының өкілдерді мәлімдеді. ЖОО мәліметтері бойынша, ағылшын бөлімінде "менеджмент" мамандығы бойынша оқыған студент Назар Роллан қосымша кешенді тестілеуде шекті балды жинай алмаған.  

Ал кейінірек жүргізушінің тағы бір видеоүндеу жасағаны белгілі болды.

"Мені бір қорқақ, әрекетіне өкініп отыр деп айтып жатқан жігіттерге айтарым. Видеоға мұқият назар аударыңыздар. Мен онда күлкімді әрең ұстап отырмын. Видеоны төрт рет түсірген шығармыз, алғашқы үшеуінде мен әбден күлдім", - дейді ол.

"ІІМ, ІІД өкілдері, ол сіздерді пысқырып та отырған жоқ. Қашан біздің елде қылмыс үшін дұрыс жаза қабылданады әлде осындай ақымақтықты түсірген, қылмыскердің өкінгені айтылған әрі жалған видеолармен ғана шектеліп қаламыз ба?", - деп жазған Facebook қолданушысы Шолпан Әли.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы полициясының әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздеп тапқаны хабарланған болатын.

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - деген еді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Не рекомендуется повторять! Специально для @nelegal.kaz

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети