Мен енді бұзылмаймын - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен енді бұзылмаймын - Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы ҚХА сессиясында сөз сөйлегендердің барлығына алғыс айтты және қазақстандықтарды қиын кезеңде дамуға жаңа жолдар іздеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы ҚХА сессиясында сөз сөйлегендердің барлығына алғыс айтты және қазақстандықтарды қиын кезеңде дамуға жаңа жолдар іздеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Күрделі кезең, қиындықтар, дағдарыс жалғасып жатыр. Батыстың Ресейге деген санкциялық саясаты бізге де әсер етіп жатыр, бірақ біз білдік, пысық шаруа ретінде ертеңімізге қалдыра білдік, сондықтан елдің қоры бізге қазақстандықтардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын нашарлатпаймыз деп айтуға мүмкіндік береді. Керісінше, қиындықтар бізге гүлдену үшін жаңа жол іздеуге беріледі", - деді ҚР Президенті.

Сессияға қатысушылар сөйлеген сөздерінде Мемлекет басшысының атына тілектер мен алғыстар айтылды.

"Бүгінгі датамен барлығыңызды құттықтаймын, сөз сөйлеп, маған жақсы сөз айтқандарыңызға алғыс білдіремін. Рақмет. сіздер не десеңіздер де, мен енді бұзылмаймын, ондай уақыт өтті. Елдің қамы үшін сіздермен бірге жұмыс істейміз. Жарияланған бағдарламалар - болашаққа арналған жұмысымыз", - деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети