"Мені кепілде ұстаған жоқ" - Атыраудағы ломбард директоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мені кепілде ұстаған жоқ" - Атыраудағы ломбард директоры Видеодан алынған кадр

Атырау облысының полициясы "кепілде болған" ломбард директорының видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының полициясы "кепілде болған" ломбард директорының видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция ұрланған ломбард директорына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. "22 ақпанда полиция басқармасына бір әйел арызданды, ол Атыраудағы үйлердің бірінде ер адам заңсыз тұтқында отырғанын мәлімдеді. Аталған мекен жайға жедел-тергеу тобы бірден жіберілді, кейін ол полиция басқармасына жеткізілді. 1995 жылы туылған ер адам "ХоумАвтоИнвест" ЖШС атқарушы директоры болып шықты. Айтуынша, ол ЖШС салымшыларымен келіссөз жүргізу мақсатында пәтерге барған. Оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелмеді", - деп атап өтті полиция баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі уақытта ер адам полиция басқармасында, түсініктеме беріп жатыр. 

Атырау облыстық ПД өкілдерінің айтуынша, 21 ақпаннан бастап полиция басқармасына Атырау тұрғындары алаяқтардың заңсыз әрекеттері туралы шағым түсіріп жатыр. "Гарант24 Ломбард" ЖШС және "НұрАлиКапитал" ЖШС-не қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және "Гарант24 Ломбард" ЖШС аймақтық директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда клиенттер Home Avto Invest ломбарды директорын кепілге алғаны туралы мәлім болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети