Мен кешірім күтпеймін - Бишімбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен кешірім күтпеймін - Бишімбаев видео кадры

Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпегенін айтты. Сондай-ақ, ол Салтанатты қасақана өлтірді деген айыптауға қатысты кінәсін мойындамайтынын қайталады.

"Шындығында, маған бірдеңе деу өте қиын. Біріншіден, түсініп, ешқандай кешірімге үміттенбестен, бұл менің адамдық парызым... Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көргендердің барлығы, оның ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, оның өлімі ауыр тиді. Мен кешірім сұрағым келеді. Мен кешірім күтпеймін. Бірақ бұл менің ішкі парызым, жанымның қалауы. Мен бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Бұл бірінші. Екіншіден, өзімнің кінәсіз екенімді және өз кінәмді мойындамайтынымды айта отырып, әйелім Салтанатты қасақана, саналы түрде, жоспарлы түрде аса қатыгездікпен өлтіруге кінәлі емес екенімді түсіндіргім келеді", - деді Бишімбаев.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының бүгінгі отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті.

Сонымен қатар, Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың өлімін "Адам өлтіру" деп атамауды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети