"Мен көп адамның жолын кестім": журналист Сутягин көлік өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен көп адамның жолын кестім": журналист Сутягин көлік өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтты

Атыраулық журналист Виктор Сутягин көлігі өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық журналист Виктор Сутягин көлігі өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен сағат 17:00-де үйге келдім. Көлікті аллеядағы көп көліктердің арасына қойдым. Ауламыз өте тыныш. Сағат 00:00-де көліктен үй жануарларына арналған тағамды алмағаным есіме түсіп сыртқа шықтым, сосын оны алып келіп ұйқыға жаттым. Сағат таңғы 4:00-де көлігім өртенгенін айтып оятты. Тұрсам көлік әлдеқашан жанып кеткен екен. Бейнебақылау камерасына түскен видеода көлікке жақындап, оны өртеген адам көлік жарылғанда өзі де зардап шеккені көрінеді. Жарылыс болған кезде ол капоттың қасында тұрған. Мен жарылысты естімедім, бірақ көршіледің барлығы жиналған. Әрине, мен көп адамның жолын кесіп, өңірдегі түрлі мәселелерді көтердім. Бірақ әзірге ешкімді кінәлай алмаймын, көлігімде сақтандыру бар", - деді журналист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети