08 сәуір 2024 | 12:53

"Мен оған сенетінмін": Бишімбаевтан неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқаны сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сотталушыдан Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сотталушыдан Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат 2023 жылдың 9 қарашасында Бишімбаев көріпкелге телефон соққанын еске алып, әйелдің қайда тұратынын, оны қанша уақыттан бері танитынын және олар бір-біріне кім екенін сұрады.

"Ол Шымкентте тұрады, 1,5-2 жылдан бері бизнес мәселелері бойынша кейде хабарласып тұратынмын", - деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.

Бұдан кейін Жанна Уразбахова көріпкелдің медициналық білімі бар-жоғын сұрады. Сотталушы бұл туралы білмейтінін, бірақ ол әйелге "әрқашан сенетін" айтты.

"Олай болса сотқа түсіндіріп беріңізші, басқа қалада тұратын, медициналық білімі бар ма, жоқ па өзіңіз нақты білмейтін адамға не үшін хабарластыңыз? Жаныңызда жатқан және медициналық көмекке мұқтаж әйеліңізге ол қалай қашықтан көмек көрсетуі керек еді?", - деп сұрады қорғаушы.

Айыпталушы Уразбахова Салтанат Нүкенованың медициналық көмекке мұқтаж екенін айтқан кезде "жорамал" жасап тұрғанын айтты.

"Ол ұйықтап жатты. Менің түсінігім бойынша, ол ұйықтап жатты. Мен сіздің сұрағыңызға жауап бердім: мен оған (көріпкелге - еск.) сенетінмін. Яғни, бұрын мен кейбір бизнес жұмыстарым туралы сұрағанымда, ол әрқашан, менің ойымша, маған дұрыс жауап берді. Бірақ бұл өз түсінігім бойынша. Менде белгілі бір деңгейде сенім болды (...) Менің түсінігім бойынша, Салтанат ұйықтап жатты, оның өлім аузында жатқаны туралы ешқандай белгі болмады", - деді Қуандық Бишімбаев.

Адвокат, оның ойынша, егер Салтанат Нүкенова "жай ұйықтап жатса" неге көріпкелге жүгінгенін сұрады.

"Көгерген жері (Нүкенованың бетіндегі – еск.) үлкейіп бара жатты, бірақ есімде жоқ, қайдан шыққанын да түсіне алмадым. Сол жағында болған. Шынымды айтсам, бұл мені қатты абдыратып қойды", - деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети