"Мен ол туралы білемін" - Асанов 65 миллион еуро тұратын пәтер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен ол туралы білемін" - Асанов 65 миллион еуро тұратын пәтер жайлы © REUTERS

Бас прокурор Жақып Асанов Қазақстан үкіметіндегілерге Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алынды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Жақып Асанов Қазақстан үкіметіндегілерге Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алынды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен ол туралы білемін, мен де жаңалықтарды оқимын", - деді прокурор.

"Әр орган өз жұмысымен айналысуы керек. Әркімнің өз нақты функциялары бар. Бүгінде мұны Мемлекеттік кірістер комитеті тексеріп жатыр. Мен тексерістен кейінгі материалдарды көрген соң ғана өз ойымды айта аламын. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жерде уәкілетті орган болып саналады", - деді Жақып Асанов.

"Маған Мемлекеттік кірістер комитетінің осы мәліметті тексеріп жатқаны жайлы айтты", - деді Асанов Бас прокуратураның қазіргі уақытта бұл дерекпен айналыса алмайтынын айта отырып.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған.  Компания мәліметінше, пәтер Париждің ең қымбат аудандарының бірінде орналасқан. Жалпы аумағы - 1 200 шаршы метр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети