"Мен прокурормын". Алматыда караокедегі жанжал видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен прокурормын". Алматыда караокедегі жанжал видеоға түсірілді видеодан үзінді

Алматыда көңіл көтеру орталықтарының бірінде мас күйде жанжал шығарғандардың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көңіл көтеру орталықтарының бірінде мас күйде жанжал шығарғандардың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға Voyage караоке-барында 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні болған. Мекеме әкімшісі Нұрланның айтуынша жазғы терассаға екі қонақ келген - ер және әйел. Оның айтуынша, түгі 2:00-де олар спирттік ішімдік ішкен. 

"Олар мекеменің қарапайым ережелерін сақтаудан бас тартты, оның ішінде ғимарат ішінде темекі шекпеу сияқтылары да бар. Өзінің қала прокуратурасыда істейтінін айтқан жігіт қызметкерлердің кез келген оның атына жазған арызы соның алдынан өтетінін айтқан. Ұзақ уақыт бойы арпалысқаннан кейін, жұп ақыры төлемеді. Олар қызметтік куәлікке ұқсас бірдеңе көрсетумен әлек болды. Әйел адам адвокатпын деп таныстырған", - деді мекеме әкімшісі.

Олар есеп айырысудан бас тартқаннан кейін мекеме қызметкерлері видеоға түсіре бастаған. Видеодан ер адамның ақша төлеуге арналған кітапшаны лақтырғанын көруге болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети