Мен Ресей мен Түркияның позицияларын жақындату үшін көп жұмыс істеген адаммын - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен Ресей мен Түркияның позицияларын жақындату үшін көп жұмыс істеген адаммын - Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағының апатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағының апатына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Ресей мен Түркияның арасында болған оқиғаға қатты қапалымыз. Бірақ әзірше істің барлық мән-жайы бізге белгілі емес. Алайда ресейлік бомбалаушы Түркияға шабуылдаған жоқ, бұл - факт. Ол Түркияға бағыт алған жоқ. Лаңкестермен соғысуға бара жатты", - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Астанада Тәуелсіздік Сарайының мінберінен.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әрқашан да барлық қақтығысты бейбіт түрде шешуді қолдап келгенін мәлімдеді. 

"Мен Ресей мен Түркияның позицияларын жақындату үшін көп жұмыс істеген адаммын. Оларды дос еткім келді. Премьер-министр Демерельдің заманынан бастап, президент Ельциннен бастап. Көп жылдар бойы осылайша жасаған еңбегіміз еш болуы мүмкін. Қаншалықты қиын болса да арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтап, жазалап, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру керек. Түркиядағы және Ресейдегі достарымды осыған шақырамын", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети