"Мен шешемін" - Досаев аудан әкімдігі басшылығын ауыстыру туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен шешемін" - Досаев аудан әкімдігі басшылығын ауыстыру туралы Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы әкімдігінің басшылығы ауыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Ақпанда әкімнің орынбасарына қатысты пара алу ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпанда Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 миллион теңге пара алғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Осыған байланысты алматылық Ерболат Досаевтың тұрғындармен кездесуінде Жетісу ауданы әкімдігінің басшылығы ауыса ма, деп сұрады.

"Әкімнің орынбасары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды, қалған мәселелер мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес шешіледі", - деп жауап берді әкім.

Алматылық бұл мәселелерді кім шешеді деп сұрағанда, Досаев: "Мен шешемін", деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети