"Мен сіздерге сенемін". Тоқаевтың Ботаникалық бақтағы видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен сіздерге сенемін". Тоқаевтың Ботаникалық бақтағы видеосы жарияланды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ботаникалық бақтағы видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ботаникалық бақтағы видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ботаникалық бақтағы сенбіліктен видео "БОРТ №1" Telegram-арнасында жарияланды.

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. "Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек", – деді Президент.

"Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети