"Менің көмекшім емес". Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері жайлы

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Менің көмекшім емес". Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері жайлы Сурет: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 11 миллион теңге жымқырған күдікті оның көмекшісі емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 11 миллион теңге жымқырған күдікті оның көмекшісі емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірден айтайын, бұл қызметкер менің көмекшім емес. Мүмкін, ол штаттық кесте бойынша біздің министрлікте көмекші болған шығар. Бұл солай болса, осындай деректерді болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Өзіміз де министрлік құрылымы мен штатын қарастыра бастаған едік. Мен тағайындалғаннан бері бірде-бір кадрлық конкурстық комиссия өтпегенін атап өткім келеді, яғни жұмысқа әлі ешкім қабылданбады", - деді Аймағамбетов.

Еске салсақ, ҚР білім және ғылым министрінің көмекшісі бюджет қаражатынан ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған. Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 миллион теңгеден астам қаражатты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети