25 қыркүйек 2020 | 11:02

"Менің атым Қожа" режиссерінің келіні Тоқаевтан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Менің атым Қожа" фильмінен алынған кадр "Менің атым Қожа" фильмінен алынған кадр

"Менің атым Қожа" фильмінің режиссері Абдулла Қарсақбаевтың келіні Майра Қарсақбаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол Мемлекет басшысынан кино индустриясындағы бірнеше мәселе бойынша көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Менің атым Қожа" фильмінің режиссері Абдулла Қарсақбаевтың келіні Майра Қарсақбаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол Мемлекет басшысынан кино индустриясындағы бірнеше мәселе бойынша көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майра Қарсақбаеваның хатында жазылған мәселелер карантин мен пандемияға байланысты емес. Әйел ондаған жылдар бойы шешімі табылмаған бірқатар мәселені атады. Олардың бірі Қазақстанның қолына тимей тұрған мұраға байланысты: ҚазКСР-да түсірілген кинокартиналар әлі күнге дейін Ресейдің Мемфильмқорында сақтаулы екен. Айтуынша, онда Шәкен Айманов, Абдулла Қарсақбаев, Сұлтан Ходжиков, Мәжит Бегалиннің жауһарлары бар.

"Лондондағы Еуразия кинофестивалінің директоры ретінде осы фестивальде "Менің атым Қожа" фильмін көрсеткім келді. Біз оны өз қаражатымызбен Алматыдағы АҚШ мектептерінің америкалық мұғалімдері мен оқушыларының көмегімен ағылшын тіліне дубляждадық. Дубляж өте жақсы шықты. Алайда дыбыс режиссері дауысты кәсіби түрде қоя алмады, өйткені барлық дыбыс жолдары "Қазақфильмде" жоқ, олар Мәскеуде.

2019 жылы 6 маусымда Лондонда Еуразия кинофестивалін ағылшын тіліндегі "Менің атым Қожа" фильмімен аштық. Кинотеатрда көрсетілді, видео сапасы өте төмен болды, ал дауыс бөлінбеген жолдар мен музыкасыз қойылды. Мен BBC-ге сұхбат бергенмін, көрермендер фильмге тамаша баға берді, бірақ видео сапасы үшін ұялдым, біз әлі күнге дейін алтын қорымызды лайықты цифрландыра алмай келеміз", - деді Қарсақбаева.

Сондай-ақ, әйел Қазақстанда кино түсіру процесін шетелдіктерге жеңілдетуді сұрады. Оның айтуынша, Кино туралы заң бойынша, олар үшін салықтар тым жоғары.

"2013 жылдың 22 қазанында Голливуд продюсерлерінен Марко Поло фильмін түсіру туралы хат келді, бірақ мен оларға салықтың көптігіне байланысты көмектесе алмадым. Жақында Шарында фильм түсіргісі келетін поляк серіктестерім салық рибейттеріне қызығушылық танытты, өйткені олар бізде заң қабылданғанын біледі. Мен оларға (заңда жазылғандай) айттым, кем дегенде 850 мың доллар жұмсасаңыздар, 30 пайызын қайтара аласыздар, әйтпесе ештеңе шықпайды. Олар біздің елге шетелдіктердің фильм түсіргені қажеті жоқ шығар деп айтты", - деді ол.

Қарсақбаевтың келіні шетелдік компаниялардың Қазақстанға келуі тиімді екенін атап өтті: олар көптеген жұмыс орнын ашып, біздің мамандарды оқытып, біліктілігңн арттырады, қонақүйлерде, мейрамханаларда ақша қалдырады және көлік жалдайды.

Сондай-ақ, Майра Қарсақбаева Қазақстанда кинокомиссия құру керек деп санайды. 

"Түрлі елде шетелдік кинокомпанияларды тартумен кинокомиссия айналысады, ол Қазақстанда жоқ! Үш жыл бұрын мен Өзбекстандағы кинокомиссияның бастауында тұрдым, олар менің ұсынысым бойынша құрды, оны Лос-Анджелесте Голливудтың бас кеңсесінде тіркеді. Енді олар кинокомиссияны әлемнің барлық кинофестивалі мен кинонарықтарында таныстырып жүр. Нәтижесінде шетелдіктерге өз фильмдерін Қазақстанға қарағанда Өзбекстанда түсірген оңайырақ.

Біз елімізде кинокомиссия құру туралы ұсыныспен жеті жылдан бері түрлі инстанцияға барып келеміз, олар мұның не екенін де білмейді", - деді ол.

Сонымен қатар, Майра Қарсақбаева Қазақстанға түрлі елмен бірлесіп фильм шығару үшін копродакшн-келісім жасау қажет екенін хабарлады. 

Майра Қарсақбаева Президенттен осы мәселелерді шешуге көмектесуін сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети