"Менің есімім Баха, бүгін менің туған күнім". Полицей жасөспірімді өлімнен құтқарып қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Полицей Қаскелеңдегі көпірден секірмек болған баланы құтқарды. Полицейдің кеудесінде тұрған жетонға оның балаға не дегені жазылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полицей Қаскелеңдегі көпірден секірмек болған баланы құтқарды. Полицейдің кеудесінде тұрған жетонға оның балаға не дегені жазылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай ауданының 15 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Полицей жас баламен сөйлесіп, райынан қайтарған. Артынша жасөспірім мас болғаны анықталған.  

"Інім, сен мұздап қалдың. (...) Менің есімім Баха. Бүгін менің туған күнім. Жасым 35-ке келді, інім. Егер мен саған қандай да бір көмек бере алсам айт", - дейді полицей жасөспірімге. 

Нәтижесінде полицей суицидтің алдын алды. 

"Полиция қызметкерлерінің сауатты әрі жедел іс-әрекетінің арқасында жасөспірімге ешқандай зиян келмеді және ол ата-анасына жеткізілді. Баламен ювеналды полиция қызметкерлері мен психологтар профилактикалық әңгіме жүргізеді. Ал ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 және 442-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді Қарасай ауданы ПБ басшысы Болат Тотыбаев. 

Полиция құрамындағы 191-борттың экипажы Бақыт Жарқынбеков пен Ернат Мақсат өз әрекетін ерлік деп санамайтынын айтады. Олар тұрғындарды кез келген қауіптен қорғау тікелей міндеті екенін атап өтті.

Полиция өкілдері сол күні расында полиция майоры Бақыт Жарқынбековтің туған күні болғанын және оның жасы 35-ке келгенін айтты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro