Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 11 миллион теңге жымқырған күдікті оның көмекшісі емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 11 миллион теңге жымқырған күдікті оның көмекшісі емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірден айтайын, бұл қызметкер менің көмекшім емес. Мүмкін, ол штаттық кесте бойынша біздің министрлікте көмекші болған шығар. Бұл солай болса, осындай деректерді болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Өзіміз де министрлік құрылымы мен штатын қарастыра бастаған едік. Мен тағайындалғаннан бері бірде-бір кадрлық конкурстық комиссия өтпегенін атап өткім келеді, яғни жұмысқа әлі ешкім қабылданбады", - деді Аймағамбетов.
Еске салсақ, ҚР білім және ғылым министрінің көмекшісі бюджет қаражатынан ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған. Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 миллион теңгеден астам қаражатты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік бар.