Президенттің баспасөз қызметі Желіде астананы көшіру туралы мұрағат видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің баспасөз қызметі Желіде астананы көшіру туралы мұрағат видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 минутқа созылған видеороликте Қазақстан Президенті астананы көшіру тарихын, оның Астана қаласына қалай айналғанын еске алады.
"1994 жылы Парламентте астананы көшіру туралы шешімді айту жарылған бомбамен тең болды. Маған барлығы есі кеткен адамға қарағандай болды. Зейнетақы төленіп жатқан жоқ, мұғалімдерге, дәрігерлерге жалақылары берілген жоқ, ал бұл болса, астананы көшіріп жатыр. Бұл миллиардтаған қаражат қой. Бірақ менің туған күнімде маған сыйлық ретінде депутаттар астананы көшіру туралы шешімді қолдап, барлығы дауыс берді. Олар "Иә, астана 40-50 жылдан соң көшіріледі, ол кезде біз болмаймыз да. Бүгін оның туған күні, оның көңілін түсірмей-ақ қояйық, қолдап дауыс берейік" деген. Осылайша барлығы бұл шешімге дауыс берді. Содан 1997 жылы депутаттар осында пойызбен жетіп, шампанмен, сырнаймен келген болатын", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы түсірілген деректі фильмнің үзіндісінде.
"Осыдан 19 жыл бұрын, 1997 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының астанасын Ақмолаға ауыстыру" туралы қаулы шығарды. Осы күнге арнап біз "Президенттің уақыт және өзі жайындағы толғаныстары" атты деректі фильмді ұсынамыз (2011 жылы ҚР Президентінің Телерадиокешені түсірген). Онда Нұрсұлтан Назарбаев астананы неліктен көшіргені жайлы айтады", - делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Ақорда Назарбаевтың көкпар тартқан сәті бейнеленген суретін жариялаған болатын. Баспасөз қызметі бұл жарияланымды Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтіп жатқан Көшпелілердің бүкіләлемдік ІІ ойынымен байланыстырды.