Мереке күндері Астана қаласынан 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Астана-Тазарту" ЖШС-ның техникалық сараптама және өндірістік бақылау басқармасының басшысы Иван Медведев айтты.
Мереке күндері Астана қаласынан 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Астана-Тазарту" ЖШС-ның техникалық сараптама және өндірістік бақылау басқармасының басшысы Иван Медведев айтты.
"Біздің мәліметіміз бойынша, 4 және 7 шілде аралығындағы мереке күндері қаладан 3,5 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы бұл әдеттегі күндерден 25 пайызға көп. Жаңа жылды алып қарайтын болсақ онда бұл күні әдеттегіден 50 пайызға көп қоқыс шығарылады, ал Наурызда қоқыс 40-45 пайызға көбейеді. Мұның барлығы мерекелерге байланысты", - дейді Медведев.
Оның айтуына қарағанда, орта есеппен бір жылда шығарылатын қоқыс көлемі 15 пайызға, яғни 10-15 тоннаға артып тұрады. "Өткен жылы ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) тастайын орынға 150 мың тонна қоқыс шығарылса, биыл ол көрсеткіш 165 мың тоннаға дейін жетеді. Қала өсіп келеді, сондықтанда қоқыс та көбеюде. Бізден басқа қалада ешкім қоқыс шығармайды. Біз жоспарымыздан алда келе жатырмыз, қазірдің өзінде өткен жылмен салыстырғанда 10 мың тонна қоқысты артық шығардық", - дейді басқарма басшысы.
Дегенмен, басшының айтуына қарағанда техника мен жұмысшылар мереке күндері де әдеттегідей жұмыс істеді. "Бұл қалыпты жағдай, тек мереке күндері техника басқа күнге қарағанда екі-үш артық рейс жасап, адамдар көп жиналатын, көп қыдыратын орындарды қосымша тексеріп шығады", - дейді ол. Медведевтің мәліметіне қарағанда, қалада 55 қоқыс тасымалдайдын көліктер жұмыс істейді.
Оның айтуынша, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық қоқыстар қоқыс өңдейтін зауытқа, ал өңделмейтін қоқыстар экополигонға жіберіледі. "Эко-полигон" МКК директорының орынбасары Сұлтан Сахановтың ақпараты бойынша, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның аймағы 15 гектар, ал өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның аймағы 14 гектар. Оның айтуына қарағанда, қоқыс өңдеу әлі де қалыпқа келтірілмеген. "Өзінің мүмкіндігі мен қуатына қарай қоқыс өңдейтін зауыт қалдықтардың 40 пайызын өңдеу керек. Бүгінгі таңда зауыт өнімнің 1-8 пайызын сұрыптап, брикеттейді", - дейді Саханов.