Мереке күндері Астанада полиция мен әскер жасақтары көп болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке күндері Астанада полиция мен әскер жасақтары көп болады ©kolesa.kz

Жаңа жыл мерекесі күндері - 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ, 7 қаңтардағы православие Рождествосы мерекесі күні Астана қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл мерекесі күндері - 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ, 7 қаңтардағы православие Рождествосы мерекесі күні Астана қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараларды өткізу бағдарламасын ескере келе, қоғамдық тәртіпті қорғауға мыңнан астам полиция қызметкері, 200-ден астам қызметтік көлік тартылады. Оқиға орындарына уақытылы бару үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Көшелер мен қоғамдық орындарда, әсіресе, кешкі және түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда патрульдік және әскери нарядтар көбейтіледі.

Қалада қондырғылар мен сыртқы безендіруді сақтау мақсатында сахналарды, мәдениет және спорт нысандарын қорғау қамтамасыз етіледі. "Шеп" жүйесінің стационарлық бекеттерінде шыршаларды, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді және басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз әкелуді бақылау күшейтілді.

Қазіргі уақытта орман қорғау органдарымен бірге қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз шабу және сатуға жол бермеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған "Пиротехника -2014" жедел алдын алу іс-шарасы да қолға алынды. Мерекелік отшашулар өтетін орындарда қауіпті аймақтар қоршауға алынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети