22 желтоқсан 2022 18:42

Меркі ауданында асарлатып үй берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында халқымыздың асар дәстүрі қайта жаңғырып келеді.


Жамбыл облысында халқымыздың асар дәстүрі қайта жаңғырып келеді.

Осы орайда, Меркі ауданының Ақтоған ауылында тұрғындардың ауызбіршілігімен кезекті отбасы баспаналы болды.

Жаны жайсаң жомарт жандардың демеушілігі және ауыл азаматтарының әрбірінің қол көмегімен тұрғызылған төрт бөлмелі үй жас отбасы Талғат Садығұлов пен Гүлжайна Усмановаға берілді.

Баспананы салтанатты табыстау шарасына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен ақсақалдар бастаған ауыл тұрғындары жиналды.

Қуанышқа ортақтасқан ағайын алдымен қайырымды шараның жалғасуына ниет білдіріп Құран бағыштады.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымбайұлы мен ауыл ақсақалдары жас отбасын жаңа баспанамен құттықтап, лентасын кесті.

Асарлатуға белсенділікпен атсалысқан бірқатар азаматты ауыл әкімі Данияр Әбдіразақ алғыс хатпен марапаттады.

Жалпы, Ақтоған - тұрғындарының ауызбіршілігімен аймаққа үлгі болған ауылдардың бірегейі. Өйткені мұндай қуаныш ауылда жыл сайын болып тұрады. Осымен Садығұловтар отбасы соңғы жылдары ауылдағы асарлатып берілген он төртінші үйге ие болып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети