24 шілде 2022 | 16:45

Merсedes жүргізушісі полицейлерді балағаттағаны үшін TikTok арқылы кешірім сұрады

Видео кадры

Қостанайда тәртіп сақшыларына дөрекілік танытқан жүргізуші полициядан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда тәртіп сақшыларына дөрекілік танытқан жүргізуші полициядан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай тұрғыны көпшілік алдында полицейлерден кешірім сұрады.

"Қостанай қаласының жағажайында полиция қызметкерлеріне және қоғамға агрессив мінез-құлық көрсеткенім үшін Қостанай қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өзімді неге солай ұстадым? Өйткені сол күні жол апатына ұшырадым, Ravon көлігі соқып, көлігімнің бамперін бүлдірді, мен халыққа қарап, агрессиямды басу үшін қалалық жағажайға бардым. Сол кезде алдымнан қызметкерлер шығып, жанжал туды, сол үшін олардан және сіздерден, Қостанай қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен бәрін де жақсы көремін және құрметтеймін, ақымақ емеспін", - деді Қостанай қаласының тұрғыны Фархат Маликов TikTok желісінде.

Реклама
Реклама

Пікір жазғандардың кейбірі жігітті қолдаса, енді бірі айыптаған.

@mercedesbenz63amgw211 Приношу свои извинения перед ЗАКОНОМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН!!! @theddanel @Tokaev ✅ ♬ оригинальный звук - Rrrrr

Еске салайық, Қостанайда полицейлерді балағаттаған жүргізуші ұсталған еді. TikTok әлеуметтік желісінде полиция қызметкерлерін балағаттап жатқан видеосы тараған. Кадрларда видео авторы, Mercedes-Benz көлігінің иесі өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына дөрекі және бейәдеп сөздер айтады. Қостанай облысының полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қалалық жағажай аумағында болған, оның көлігінде мемлекеттік нөмір болмаған.

Тәртіп сақшылары заңбұзушылықты тіркеу кезінде ер адам қызметкерлерді балағаттап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенгенін атап өткен еді. Сот шешімі шыққанға дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік кодексінің 4 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная