21 шілде 2022 16:44

Қостанайда TikTok-тағы видеодан кейін Mercedes жүргізушісі ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қостанайда полицейлерге дөрекілік танытқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда полицейлерге дөрекілік танытқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желісінде жүргізушінің полиция қызметкерлерін балағаттап жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда видео авторы, Mercedes-Benz көлігінің иесі өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына дөрекі және әдепсіз сөздер айтады.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылған.

@mercedesbenz63amgw211

г.Костанай Гор пляж,волчары #

♬ оригинальный звук - Rrrrr

Қостанай облысының Полиция департаменті мәліметінше, көлікте мемлекеттік нөмір болмаған. Полиция қызметкерлері оны қалалық жағажай аумағында ұстаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңбұзушылықты тіркеу кезінде ер адам оларды балағаттап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген.

"Қостанай қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша "Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау", ҚР ҚК-нің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, тіркелген екі дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаменті өкілдері.

Қазір облыс тұрғыны сот шешімі шыққанша уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети