28 маусым 2017 | 09:20

Мерзімді қызметтегі сарбаз жазатайым оқиғадан өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Үстіне төсек құлаған 19 жастағы Бақберген Қаламыш бел омыртқасы сынып, хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер оның аяққа тұрып кететініне ешқандай кепілдік бермей отыр. Ал Бақбергеннің әкесі ұлын осындай жағдайға жеткізген командирлердің салғырттығы дейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Үстіне төсек құлаған 19 жастағы Бақберген Қаламыш бел омыртқасы сынып, хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер оның аяққа тұрып кететініне ешқандай кепілдік бермей отыр. Ал Бақбергеннің әкесі ұлын осындай жағдайға жеткізген командирлердің салғырттығы дейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әскери қызметкердің әкесінің айтуынша, бұл жағдай 12 маусымда болған. Ұлы Отан алдындағы борышын өтеу үшін Павладар облысынан әскерге шақыртылып, Отардағы 82 796 әскери бөлімінде қызмет еткен. Енді екі ай өтпей Алматыдағы ауруханада жатыр. Сөйлеуге де шамасы жоқ.

"Барлығы казарманың алдында болған. Ол жерде палатка тұрған. Темір нар төсекті балалар өзі құрған екен. Соған жатқанда менің балам астыңғы қатарда болған. Төсек тайып келіп белін басқан", - дейді Бақбергеннің әкесі Қаламыш Жақсылықұлы.

Темір төсекпен бірге он шақты бала үстіне құлағанда Бақбергеннің бел омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Қазір белден төмен жан жоқ. Дәрігерлер аяғына тұрып кетуі екі талай деп отыр. Ал әкесі бұған әскери бөлім басшыларын кінәлайды.

"Баламды күнін кешіктірмей тездетіп жақсы больницияға, керек болса шетелге апарып емдеп берсін. Сау бала бергенмін, баламды енді арқалап қайтқым келмейді. Материалдық маралдық шығындарды талап етем", - дейді Қаламыш Жақсылықұлы.

Әкесінің ұлына массажист пен психологты да алдырта алмай жүргеніне екі апта болған. Бірақ әскерилер асығар емес.

"Оңтүстік" өңірлік әскери қолбасшылығы тәрбие бөлімінің бастығы Самат Түлепбаевтің айтуынша, бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша нақты шаралар қолданылады.

"Бақбергеннен басқа ешкім зардап шекпеген. Қазір оған барлық көмек көрсетіліп жатыр. Тезірек жазылып кетуін күтеміз", - деді "Оңтүстік" өңірлік әскери қолбасшылығы тәрбие бөлімінің бастығы.

Телеарнаның мәліметінше, Бақбергеннің әкесі қарап отырмақ емес. Әскери прокуратураға арыз жазып, борышын өтеуге кеткен ұлының қауіпсіздігіне жауаптылардың қатаң жазалауын талап етеді. (Дереккөз: КТК).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети